Торегали Тореали – До ре ми

Fm
1. Бір сұлуға арнадым бір сұлу өлең,
                  A#m
Кейіпкері кім шыныменен?
Fm
Əн-жырымның ырғағы сəйкес келеді,
C
Жүренімнің дүрсіліменен.

Қайырмасы:

Fm
Шалқып көңіл, шаттық үйірісін,
        A#m
Əсем əуен, тəтті күйімсің.
                Fm
Көңіліме түрлі ой салған – 
      C                 Fm
До, ре, ми, фа, соль, ля, си-імсің!

Fm
2. Саз төгеді сан түрлі махаббат перне
                  A#m
Есіміңді атап өткенде.
Fm
Сақтаулы тұр жеті əріп жеті əуен болып
C
“Жүрек” дейтін нота дəптерде!

Fm
3. Ескендірдің əніндей естілген елге
                  A#m
Махаббатың ескірмеген бе?
Fm
Күмбірлеген кеудемнің сол жағындағы
C
Соль кілтімді ешкімге берме!

Поделиться:
Торегали Тореали – До ре ми аккорды, песня Торегали Тореали – До ре ми исполнителя Исполнители текст и аккорды на Chordy.ru